Ескерту!!! » Қарасай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
Қарасай орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-86-02
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2022

Ескерту!!!


ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР❗❗❗
Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынады.
Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасаған жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, ұрлық және зорлық-зомбылық үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жалпы құқықбұзушылықтықтың орын алуы себебі, балаға дұрыс қадағалаудың жоқтығынан болады.
Әрбір сынып жетекшісі мен ата-ана❗
Оқушылардың жүріс-тұрыс тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізер еді.
ҚАТАҢ ТҮРДЕ ЕСКЕРТІЛЕДІ❗
Барлық сынып жетекшілері мен ата-аналарға!
Мектеп бітіру кештерін өткізу барысында мектеп бітірушілердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасалуын қамтамасыз ету қажет, бітіру кештерін міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізу жүктеледі.
Сонымен қатар мектептен тыс жерлерде, үйлер мен ресторандарда, басқа да ойын-сауық орындарында мектеп бітіру кештерін өткізу және бітірушілердің автокөліктермен кортежге шығуына жол бермеу, бітірушілердің өмір қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында медициналық, өрттен сақтау қызметі, ішкі істер органдарымен бірлесіп сақтық шараларын қабылдау және мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру үшін ана-аналардан ақша жинамауды, ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар берілуіне жол берілмеу керектігі туралы ескертіледі. Сондай-ақ, табиғат аясына серуендеуге, өзен, көлдерге, шағын каналдарға суға түсуіне қатаң түрде тыйым салынады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Жамбыл ауданы,Қарасай ауылы,Т.Изембайұлы көшесі,№5 үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қарасай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru