25
май
2022
"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі"
Мектебімізде 2022 жылдың 25 мамыр күні "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Қарасу ауылдық округінің бас маманы Бекболатов Д.Б қатысты, құттықтау тілегін мектеп бітірушілерге білдіріді. Мектеп директоры А.Е Муканова мектеп бітіруші түлектерді ұстаздар қауымын және жиналған оқушылармен ата - аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы жылдың жетістіктерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі.Сонымен қатар оқу үздіктеріне мақтау қағаздарын табыс етті. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған өлең жолдары, " Мектеп вальсі" мереке сәнін кіргізді.